Іс-шаралар - Алматы обылысы Кербұлак ауданы Майтөбе орта мектебі https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/ ru Іс-шаралар - Алматы обылысы Кербұлак ауданы Майтөбе орта мектебі DataLife Engine Алғашқы қоңырау: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткізілген салтанатты жиын туралы Ақпарат¬¬¬ https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/89-alashy-oyrau-blmge-mtylu-ebeksjgshtk-zhne-otanshyldy-asiet-tayrybynda-tkzlgen-saltanatty-zhiyn-turaly-aparat.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/89-alashy-oyrau-blmge-mtylu-ebeksjgshtk-zhne-otanshyldy-asiet-tayrybynda-tkzlgen-saltanatty-zhiyn-turaly-aparat.html
My Webpage]]>

My Webpage]]>
admin Thu, 23 Feb 2023 09:25:10 +0600
«Құт, береке бастауы –Наурыз!» мерекесі https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/46-t-bereke-bastauy-nauryz-merekes.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/46-t-bereke-bastauy-nauryz-merekes.html Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән–мағынасын балаларға түсіндіру, қазақ халқының салт –дәстүрін насихаттау.
Көрнекілігі: қазақтың ұлттық бұйымдары, қол өнер бұйымдары, суретер, т.б.

1-жүргізуші:
О, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Теккке қарап тұрмаңдар.
Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.
2-жүргізуші:
О,жарандар,жарандар,
Тамашадан қалмаңдар,
Құс қанатты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.
Екі жүргізуші бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт-береке әкелсін!

1-жүргізуші: Құрметті мерекеге жиналған қонақтар! Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!
Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған.
Наурыз-бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

2-жүргізуші: Уа,халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата-бабаларымыз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.

1-жүргізуші:
Кел,халайық, халайық
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық-демекші, бүгінгі «Құт, береке бастауы –Наурыз!» атты мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бәріміздің көптен күткен Наураз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! Олай болса, бүгінгі «Құт, береке бастауы –Наурыз!» атты мерекелік сайысымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Еркін Немеребайұлына беріледі.
1-жүргізуші: Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы
2-жүргізуші: Наурыз - елмен елді, бірлікке, ынтымаққа шақырған күн
1-жүргізуші: Наурыз - татулықпен достықтың мерекесі
2-жүргізуші: Наурыз - ізгілікпен молшылықтың мерекесі
1-жүргізуші:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
(шашу шашылады)
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман-есен.
Құттықтау кезегі ауылымыздың ақсақалы

Ауылымыздың әжелеріне сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні, жаңа жылда наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр баба аралайды екен.
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз ақсақал,
Бата сұрап өзіңнен Қыдыр баба!
(ортаға Қыбыр баба шығады.)
Қыдыр баба: Ал, халайық.Жарайсыңдар, «Атаның сөзі-ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін. (Бата)
Ассалаумағалейкум!
Кең пейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын!
Алтын табақ аққа толсын!
Бұлт шалмасын ай-күнімді!
Жаңа күнім жадырасын!
Төл көбейіп, жамырасын!
Бағы жанып кәрі- жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Аумин!!!
2-жүргізуші: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын,төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Мектебіміздің директоры: Еркін Немеребайұлы
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Арайлым Сейтқалиқызы
Ардагер ұстазымыз : Бақтыбала Аманбайқызы
Ата аналар
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа өз өнерлерін көрсеткелі келген ауылдарымызбен таныс болыңыздар:
1. «Абай» ауылы /2-4 сыныптар/
2. «Жамбыл» ауылы /5-7 сыныптар/
3. «Дина» ауылы /8-10 сыныптар/
Ал, енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.
1. Ауылдарды таныстыру /әр ауыл атына сай ауылдарын таныстырады/
2. «Наурыз тойы» / халық әні/
3. «Ұлттық би» /қазақтың ұлттық билері/
4. Сұрақ –жауап /қазақтың салт- дәстүрі, ырымдары, нақыл сөздері /
5. «Салт - дәстүр өнері» /әр ауыл бір салт дәстүр көрсетеді/
6. «Берекелі Наурыз» / қолөнер бұйымдарынан көрме /
7. Дастархан мәзірі
8. Қорытынды. Марапаттау.
1-жүргізуші:
Сәнді көктем-наурыз,
Наурыз тойы жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын Күн мен Ай,
Құтты болсын Наурыз той! - дей келе, әр ауыл өздерін таныстырады. «Ауылдарды таныстыру» кезеңі. \Соңынан бағалау \

2-жүргізуші:
Таң шапағын қарсы алып Наурызда
Құт-береке тілейміз баршаңызға
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық
Шат көңілмен бәріміз ән салайық дей келе келесі кезеңіміз ән байқауы \Соңынан бағалау \

1-жүргізуші:
Құтты болсын ұлыстын ұлы күні
Шаттандырған елімді тәңір нұры
Думандатып мейрамды біз бастайық
Баршаңызға биден шашу шашайық
Мерекені қазақ халқының ұлттық биімен жалғастырамыз,қарсы алыңыздар. \Соңынан бағалау \

2-жүргізуші:
Ал енді «Сұрақ-жауап» кезеңіне көңіл бөлейік. Үш топқа жас ерекшеліктеріне қарай жеке жеке үш сұрақтан беріледі, әр дұрыс жауап бағаланады.

1-жүргізуші:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кен даламыздың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз
Халқымыз «Астыңдағы атыңнан құласаң да, ұлтыңның салтынан құлама» деген, ұлттық салт - дәстүрлерімізге кезек берсек.
Наурыз мерекесінде салт - дәстүрлер жаңғыратынын жақсы білесіз. Сондықтан да біздің мерекеге келіп отырған қонақтармыз «БЕСІККЕ САЛУ», «ТҰСАУ КЕСЕР», «ҚЫЗ ҰЗАТУ» дәстүрін көрсетпекші. Соны тамашалайық.

2-жүргізуші:
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз. Дей келе келесі кезекте «Қол өнер бұйымдарынан» көрме. /соңынан бағалау/
1-жүргізуші:
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам. Дастархан мәзірі

2-жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның,
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер –Ана бойы балқысын.

1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен сайысымыз аяқталды, дей келе сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

2 -жүргізуші:
Дастархан халқымның тола берсін,
Бақыт құсы басына қона берсін.
Ұлы тойдың төресі-Наурыз тойы
Жаңа жылдың құт тасы бола берсін.
Әр шаңырақ қуанышқа бөленіп,бақытты балалық,құдіретті даналық жайсаң дей келе «Құт, береке бастауы –Наурыз!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.
Баршаңызды «Наурыздың» дастарханынан дәм татуға шақырамыз!!!!

]]>
Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән–мағынасын балаларға түсіндіру, қазақ халқының салт –дәстүрін насихаттау.

admin Mon, 18 Apr 2022 14:34:18 +0600
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/32-maali-maataevty-mdeni-mrasy-parasattyly-saaty.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/32-maali-maataevty-mdeni-mrasy-parasattyly-saaty.html ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ ШЕҢБЕРІНДЕ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің "Мәңгілік мұра-Мұқағали Мақатаев" тақырыбындағы кезекті "парасаттылық сағаты"жарияланды.
Онлайн сабақтың негізіне әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметке негізделген ұлы ақынның шығармалары алынды.
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931-1976) толды.
Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен денесімен халықтың қайнар көзін сіңірген Талант өз халқының ең сүйікті ақыны болды.
Ақынның өзі айтқандай " Поэзия махаббаттан басталуы керек
осылайша, ол адамдарды адал, мейірімді болуға, жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, туған жері мен ана тілін құрметтеуге, үлкендерді құрметтеуге және бейбіт уақыттың әр сәтін бағалауға шақырды.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриоттық өлеңдерімен танысты.
Ақын шығармашылығында Отан мен Туған табиғат тақырыбы маңызды орын алады. Өз шығармаларында ол адам әйелсіз, анасыз, баласыз, туыстарсыз, бірақ Отансыз өмір сүре алмайтынын айтты. Отаны жоқ адам шұңқырсыз аңға, ұясы жоқ құсқа ұқсайды.
Бүгінгі" парасаттылық сағатында " Мұқағали ақынның өлеңдері мен шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке басының қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды.
Өйткені, бұл ойларды санаға енгізген кез-келген жас адам адалдық пен әділеттілік жолымен жүретініне күмән жоқ.
Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясын жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Оның жұмысы идеологиялық және саяси көңіл-күйден бос.
Оның шығармаларын зерттей отырып, біз Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты қорғауға, адамдарды сүюге, аналар мен жақындарды бағалауға үйренеміз.

Бейне оқулыққа сілтеме:
https://youtu.be/rbhxFeTEaXc
https://www.instagram.com/p/CLDebnWnX_m/?igshid=rbkbvckz53si
https://www.instagram.com/p/CLDfoZxMYKr/?igshid=y25tskmr86h]]>
ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ ШЕҢБЕРІНДЕ

admin Wed, 10 Feb 2021 16:57:58 +0600
Немного о приемной семье https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/31-nemnogo-o-priemnoj-seme.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/31-nemnogo-o-priemnoj-seme.html
В Конвенции о правах ребенка отмечено, «что ребенку для полноценного и гармоничного развития его личности необходимо расти в семейном окружении».
В рамках реализации право ребенка жить и воспитываться в семье, приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 07 октября 2016 года № 597 разработано «Положение о приемной семье».
Приемная семья – это полная семья, принимающая на воспитание от 4 до 10 детей из организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.
Передача ребенка (детей) в приемную семью осуществляется в семьи граждан РК, постоянно проживающих на территории РК при условии регистрации в Республиканском банке данных.
Лица, изъявившие желание взять детей в приемную семью должны собрать пакет документов и написать заявление в органы, осуществляющие функции государства по опеке или попечительству по месту своего жительства.
К заявлению необходимо приложить копии документов, удостоверяющих личность, свидетельство о заключении брака, документ, подтверждающий право собственности на жилище или право пользования жилищем (договор аренды), справки о состоянии здоровья лица, супруга(-и), о наличии либо отсутствии сведений по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК о совершении лицом, супругом (-ой) преступления.
Необходимо отметить, что приемными родителями не могут стать лица, признанные судом недееспособными или ограниченно дееспособными; лица, лишенные судом родительских прав или ограниченных в родительских правах; отстраненные от выполнения обязанностей опекуна (попечителя), патронатного воспитателя за ненадлежащее исполнение возложенных обязанностей; бывшие усыновители, если усыновление отменено по их вине; лица, которые по состоянию здоровья не могут осуществлять обязанности опекуна или попечителя; лица, не имеющие постоянного места жительства; лица, имеющие непогашенную или неснятую судимость за совершение умышленного преступления на момент оформления ребенка в приемную семью; лица без гражданства; лица мужского пола, не состоящие в зарегистрированном браке, за исключением случаев фактического воспитания ребенка не менее трех лет в связи со смертью матери или лишением ее родительских прав; лица, которые на момент установления опеки или попечительства не имеют дохода, обеспечивающего подопечному прожиточный минимум, установленный законодательством РК; лица, состоящие на учетах в наркологическом или психоневрологическом диспансерах.
Кандидаты в приемную семью осуществляют подбор детей в Республиканском банке данных из домов ребенка, детских домов, находящихся на территории своего проживания в области и получают автоматически сформированное направление на посещение ребенка.
Разъединение братьев и сестер не допускается, за исключением случаев, когда это отвечает интересам детей и дети не знают о своем родстве, не проживали и не воспитывались совместно.
Передача детей достигших десятилетнего возраста в приемную семью осуществляется только с их согласия.
При положительных результатах подбора орган опеки по месту жительства приемных родителей выносит решение в форме приказа о создании приемной семьи и заключает договор о передаче ребенка в приемную семью между приемными родителями, органом опеки и организацией в порядке, предусмотренном гражданским законодательством РК.
На содержание каждого ребенка предусматривается выплата пособия в размере 10 месячных расчетных показателя.
За воспитание детей в приемной семье каждому приемному родителю производится выплата денежных средств исходя из расчета размера должностного оклада основного персонала среднего уровня квалификации без категории сферы образования (В4-4) со стажем работы до года, в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий".
Осуществление обязанностей по воспитанию детей в приемной семье не запрещает приемным родителям осуществлять иную трудовую деятельность.
Требования к наличию высшего и технического и профессионального образования к приемным родителям не предъявляются.

admin Wed, 10 Feb 2021 08:57:39 +0600
ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/30-alaman-sarin-adaldy-saaty.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/30-alaman-sarin-adaldy-saaty.html
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда.
Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, әрі ел ішінде танымал талай туындының авторы Қалқаман Сарин өзінің өмірлік ұстанымы ретінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деген сөздерін келтірді.
Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, патриот болу үшін ең бірінші
әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады.
Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті. Бірінші кезекте ата-анасын мақтан тұтатындығын айта келе, «Анаңның жаққан ошақ отына жылынып, әкеңнің еккен еменінің көлеңкесінде өскен ұрпақ жаман болмайды» , – деді.
Парасатты қоғам құру үшін әрбір адам өзінің санасын жақсылыққа қарай өзгертіп, парасатты ұрпақ тәрбиелеп, заңды, ұлтмыздың дәстүрін сақтау керектігін айтып ойын түйіндеді
«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты – танымал тұлғалардың өмір және еңбек жолы арқылы өскелең ұрпақтың бойына парасаттылық құндылықтарын сіңіру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Бейне-дәріске сілтеме:
https://youtu.be/AW8c7KyIXNk

admin Wed, 03 Feb 2021 10:08:55 +0600
«ШӘКӘРІМ ӨСИЕТІ – АДАЛДЫҚ АЙНАСЫ» https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/29-shkrm-siet-adaldy-ajnasy.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/29-shkrm-siet-adaldy-ajnasy.html
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.
Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.
Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.
Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет», – деп өсиет еткен.
Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, ол барша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет. Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=9-2UHkyi-gI&feature=youtu.be

admin Fri, 22 Jan 2021 09:16:18 +0600
"Қамқоршылық кеңес" құру туралы https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/26-amorshyly-kees-ru-turaly.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/26-amorshyly-kees-ru-turaly.html Қамқоршылық кеңес қайта құру туралы.
Құрметті ауыл тұрғындары! Қызылмектеп пуылының жеке шаруа қожалығының басшылары, Алтынемел ауылдық округ әкімдігі Сіздерді Майтөбе орта мектебінің қамқоршылық кеңес ұйымына ҚР 2017 жылғы №355 бұйрығына сәйкес қамқоршылық ұйымын жаңадан құруға ұсыныс қабылданатынын хабарлаймыз!

Мектеп әкімшілігі.]]>
Қамқоршылық кеңес қайта құру туралы.
Құрметті ауыл тұрғындары! Қызылмектеп пуылының жеке шаруа қожалығының басшылары, Алтынемел ауылдық округ әкімдігі Сіздерді Майтөбе орта мектебінің қамқоршылық кеңес ұйымына ҚР 2017 жылғы №355 бұйрығына сәйкес қамқоршылық ұйымын жаңадан құруға ұсыныс қабылданатынын хабарлаймыз!

Мектеп әкімшілігі.]]>
admin Tue, 19 Jan 2021 10:39:37 +0600
"Рухани жаңғыру" https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/24-ruhani-zhayru.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/24-ruhani-zhayru.html

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа арнайы жобалары

• «Үнем-қоғам қуаты»
• «Дәстүр мен ғұрып»
• «Құқықтық сана – қауымға пана!»
• «Еңбек – елдің мұраты»

«Үнем – қоғам қуаты»

Қазақстандықтардың санасында жаңа дүниетанымның негізіне айналатын қаржы ресурстарын басқару және азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру бойынша ұтымды әдеттерді бекіту.

«Дәстүр мен ғұрып»

Архаикалық дәстүрлерден бас тарту, ұмытылған, бірақ қазіргі заманғы өзекті дәстүрлерді олардың адамгершілік, тәрбиелік құндылықтары тұрғысынан жаңғырту. Қазақ ұлттық тағамдарының ерекшеліктері мен құндылықтарын танымал ету.

«Құқықтық сана – қауымға пана!»

Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыру және құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыру.

«Еңбек – елдің мұраты»

Қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы жас ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігін ояту.

admin Tue, 19 Jan 2021 08:16:48 +0600