Тарихымыз - Алматы обылысы Кербұлак ауданы Майтөбе орта мектебі https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/ ru Тарихымыз - Алматы обылысы Кербұлак ауданы Майтөбе орта мектебі DataLife Engine педагогтер туралы жалпы мәлімет https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/68-pedagogter-turaly-zhalpy-mlmet.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/68-pedagogter-turaly-zhalpy-mlmet.html ]]> ]]> admin Mon, 04 Jul 2022 13:01:38 +0600 Мектеп тарихы https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/1-maytbe-mektebn-rylu-tarihy-turaly-aparat.html https://maitobe-kerbulak.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/1-maytbe-mektebn-rylu-tarihy-turaly-aparat.html Майтөбе  мектебінің  құрылу  тарихы  туралы  ақпарат.

]]>
 

1934 жылы Гвардия ауданы Киров атындағы совхоздың 4-бөлімшесі құрылды. Құрылу мақсаты: мал шаруашылығын өркендету.

Осы 1934 жылы Қызылшкол бастауыш мектебінің іргетасы қаланып, бастауыш сынып мектебі ашылды. Содан ауылға Қызылшкол атауы берілді.

 Алғаш ұстаздық еткен мұғалімдер қатарында-Кузнецова Мария Николаевна, Сейдахметов Жұмабек, Байгатова Асылтай, Пащенко Анна Ивановна, Косенкова М, Рагинская Н.Н, Захарова Н.А, Гордиенко Н.С.-лар болды.


1963 жылы 4 оқу кабинетінен тұратын жаңа оқу ғимараты салынды.1963 жылы Қызылшкол бастауышмектебі ашылғанда Бекулова көп жылдар меңгерші болып қызмет атқарды.

    Бастауыш сыныптан 4 жылдық білім алып, ары қарай білімдерін ауылдан 40 шақырым жердегі Киров совхозында мектеп интернаттан білім алды, кейіннен Шанханай ауылында Шанханай орта мектебі ашылған соң «Сары аяз, көк мұзда» балаларымыз үсті ашық машинамен тасылып, сол мектепте оқытылды.

    1971 жылдан бастауыш мектептің меңгеруші қызметін Махамханова Сажидат Абусалимовна атқарды. Ата-аналардың сұрауы бойынша 1983 жылы Майтөбе орталау мектебі ашылды, мектеп  директоры-Оскумбаев Ақиқат Байтұрбайұлы болды.

    1986 жылдан Бижігітов Қалибек Сабырұлы  басқарды.Оқу  ісінің меңгерушісі  Махамханова С.А.

   1991 жылы Майтөбе орталау мектебінде қазақ сыныбы қабылданды және 1992 жылдың қаңтар айынан Майтөбе орта мектебі болып ашылды.

    1999 жылдан бері оқу ісінің меңгерушісі Сайлыбаева Б.А. болып қызмет атқарып келеді.

    2010-2013 жылдары  мектепті  Алмухамбетов Маулен Бимахимұлы басқарды. 

2013-2014 оқу жылында мектеп жаңа үлгіде салынған ғимаратқа көшті.

2014 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың тамызы аралығында мектеп басшысы Билибаев Айбар Тұрарұлы болды.

2014 жылы 20-22 ақпанда мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Білім сапасы -89 пайызды көрсетті.

2015-2016 оқу жылынан бастап мектепті Нусупбеков Еркен Немербайұлы басқарады.

2015-2016 оқу жылындағы оқу жылының қорытындысы бойынша  жалпы  білім сапасы-64 пайыз.

ҰБТ–леуден–88,5 пайыз.

2016-2017 оқу жылының басындағы оқушы саны –89.

2017-2018 оқу жылының басындағы оқушы саны -81.
2018-2019 оқу жылының басындағы оқушы саны -81.
2019-2020 оқу жылының басындағы оқушы саны -81. Директордың оқу -тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Бескенова және тәрбие ісінің орынбасары А.Сыдықова. Жалпы мұғалім саны -25.
2020 -2021 оқу жылының басындағы оқушы саны -81. Директордың оқу -тәрбие ісінің меңгерушісі А.Сыдықова және тәрбие ісінің орынбасары А.Кальпебаева. Жалпы мұғалім саны -26.
2021 -2022 оқу жылының басындағы оқушы саны -81. Директордың оқу -тәрбие ісінің меңгерушісі А.Сыдықова және тәрбие ісінің орынбасары А.Кальпебаева болды. Жалпы мұғалім саны -27.


]]>
admin Fri, 05 May 2017 00:01:39 +0600