«Құт, береке бастауы –Наурыз!» мерекесі » Алматы обылысы Кербұлак ауданы Майтөбе орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Майтөбе негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72842) 97-5-85
Есепші бөлімі:
+7(72842) 97-5-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құт, береке бастауы –Наурыз!» мерекесі
18
апрель
2022

«Құт, береке бастауы –Наурыз!» мерекесі

Тақырыбы: «Құт, береке бастауы –Наурыз!»
Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән–мағынасын балаларға түсіндіру, қазақ халқының салт –дәстүрін насихаттау.
Көрнекілігі: қазақтың ұлттық бұйымдары, қол өнер бұйымдары, суретер, т.б.

1-жүргізуші:
О, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Теккке қарап тұрмаңдар.
Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.
2-жүргізуші:
О,жарандар,жарандар,
Тамашадан қалмаңдар,
Құс қанатты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.
Екі жүргізуші бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт-береке әкелсін!

1-жүргізуші: Құрметті мерекеге жиналған қонақтар! Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!
Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған.
Наурыз-бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

2-жүргізуші: Уа,халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата-бабаларымыз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.

1-жүргізуші:
Кел,халайық, халайық
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық-демекші, бүгінгі «Құт, береке бастауы –Наурыз!» атты мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Бәріміздің көптен күткен Наураз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! Олай болса, бүгінгі «Құт, береке бастауы –Наурыз!» атты мерекелік сайысымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Еркін Немеребайұлына беріледі.
1-жүргізуші: Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы
2-жүргізуші: Наурыз - елмен елді, бірлікке, ынтымаққа шақырған күн
1-жүргізуші: Наурыз - татулықпен достықтың мерекесі
2-жүргізуші: Наурыз - ізгілікпен молшылықтың мерекесі
1-жүргізуші:
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
(шашу шашылады)
Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман-есен.
Құттықтау кезегі ауылымыздың ақсақалы

Ауылымыздың әжелеріне сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні, жаңа жылда наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр баба аралайды екен.
Қош келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз ақсақал,
Бата сұрап өзіңнен Қыдыр баба!
(ортаға Қыбыр баба шығады.)
Қыдыр баба: Ал, халайық.Жарайсыңдар, «Атаның сөзі-ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін. (Бата)
Ассалаумағалейкум!
Кең пейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын!
Алтын табақ аққа толсын!
Бұлт шалмасын ай-күнімді!
Жаңа күнім жадырасын!
Төл көбейіп, жамырасын!
Бағы жанып кәрі- жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Аумин!!!
2-жүргізуші: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын,төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Мектебіміздің директоры: Еркін Немеребайұлы
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Арайлым Сейтқалиқызы
Ардагер ұстазымыз : Бақтыбала Аманбайқызы
Ата аналар
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа өз өнерлерін көрсеткелі келген ауылдарымызбен таныс болыңыздар:
1. «Абай» ауылы /2-4 сыныптар/
2. «Жамбыл» ауылы /5-7 сыныптар/
3. «Дина» ауылы /8-10 сыныптар/
Ал, енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.
1. Ауылдарды таныстыру /әр ауыл атына сай ауылдарын таныстырады/
2. «Наурыз тойы» / халық әні/
3. «Ұлттық би» /қазақтың ұлттық билері/
4. Сұрақ –жауап /қазақтың салт- дәстүрі, ырымдары, нақыл сөздері /
5. «Салт - дәстүр өнері» /әр ауыл бір салт дәстүр көрсетеді/
6. «Берекелі Наурыз» / қолөнер бұйымдарынан көрме /
7. Дастархан мәзірі
8. Қорытынды. Марапаттау.
1-жүргізуші:
Сәнді көктем-наурыз,
Наурыз тойы жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын Күн мен Ай,
Құтты болсын Наурыз той! - дей келе, әр ауыл өздерін таныстырады. «Ауылдарды таныстыру» кезеңі. \Соңынан бағалау \

2-жүргізуші:
Таң шапағын қарсы алып Наурызда
Құт-береке тілейміз баршаңызға
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық
Шат көңілмен бәріміз ән салайық дей келе келесі кезеңіміз ән байқауы \Соңынан бағалау \

1-жүргізуші:
Құтты болсын ұлыстын ұлы күні
Шаттандырған елімді тәңір нұры
Думандатып мейрамды біз бастайық
Баршаңызға биден шашу шашайық
Мерекені қазақ халқының ұлттық биімен жалғастырамыз,қарсы алыңыздар. \Соңынан бағалау \

2-жүргізуші:
Ал енді «Сұрақ-жауап» кезеңіне көңіл бөлейік. Үш топқа жас ерекшеліктеріне қарай жеке жеке үш сұрақтан беріледі, әр дұрыс жауап бағаланады.

1-жүргізуші:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кен даламыздың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз
Халқымыз «Астыңдағы атыңнан құласаң да, ұлтыңның салтынан құлама» деген, ұлттық салт - дәстүрлерімізге кезек берсек.
Наурыз мерекесінде салт - дәстүрлер жаңғыратынын жақсы білесіз. Сондықтан да біздің мерекеге келіп отырған қонақтармыз «БЕСІККЕ САЛУ», «ТҰСАУ КЕСЕР», «ҚЫЗ ҰЗАТУ» дәстүрін көрсетпекші. Соны тамашалайық.


2-жүргізуші:
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз. Дей келе келесі кезекте «Қол өнер бұйымдарынан» көрме. /соңынан бағалау/
1-жүргізуші:
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам. Дастархан мәзірі

2-жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның,
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер –Ана бойы балқысын.

1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен сайысымыз аяқталды, дей келе сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

2 -жүргізуші:
Дастархан халқымның тола берсін,
Бақыт құсы басына қона берсін.
Ұлы тойдың төресі-Наурыз тойы
Жаңа жылдың құт тасы бола берсін.
Әр шаңырақ қуанышқа бөленіп,бақытты балалық,құдіретті даналық жайсаң дей келе «Құт, береке бастауы –Наурыз!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.
Баршаңызды «Наурыздың» дастарханынан дәм татуға шақырамыз!!!!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив